Әлем чемпионатын сәтті аяқтаған қазақ хоккейшілері қанша сыйақы алады?

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатын сәтті аяқтады. Элиталық дивизиондағы орнын сақтап, топтағы соңғы ойында Словениядан басым түсті. Хоккейшілер осы жетістігі үшін арнайы сыйақыға ие болады.

"Дядя Ваня" телеграм арнасы хабары бойынша, қазақстандық хоккейшілер сый-сыяпаттан құралақан қалмайды. Ақпарат дереккөзі бойынша, әр ойыншы 3 мың доллар көлемінде (1,3 млн теңге) табысқа кенеледі.

Сондай-ақ ойындағы жеңісі үшін мың еуродан иеленсе, жарыс алдындағы жоспарды сәтті орындағаны үшін 10 мың еуроға дейінгі көлемде сыйақы беру қарастырылған.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2007 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатына легионерлерсіз қатысты. Элиталық дивизиондағы орнын сақтап, төртінші жыл қатарынан жоғарғы топта ойнау мүмкіндігіне ие болды.