"Бетіме қарап айтты". Остапенко матч кезінде Рыбакинаны балағаттады

"Ролан Гарростың" бұрынғы чемпионы, латвиялық теннисші Елена Остапенко Римде (Италия) өткен турнирде жартылай финалдық кездесуінде қазақстандық Елена Рыбакинаны балағаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай олардың кездесуінде болды, 6:2, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. 

"Ол (Остапенко. - еск.) "қаншық, алдымда қаншықтың өзі!" деді. Лена көрмей тұрғанда бетіме қарап айтты", - деді Рыбакинаның жаттықтырушысы командасына. 

Рыбакина бұл туралы пікір білдіріп-білдірмейтіні белгісіз. Байқауды ұйымдастырушылардың қандай шара қолданатыны да қызық.

Айта кетейік, байқаудың финалы бүгін, 20 мамырда өтеді. Рыбакинаның қарсыласы әлемнің 47-ракеткасы Ангелина Калинина болмақ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!