Қуат Хамитов ММА бойынша тарихи турнирде ресейлік спортшыны жеңді

Қуат Хамитов ММА бойынша тарихи турнирде ресейлік спортшыны жеңді
Фото: instagram.com/kuat__khamitov/

Қуат Хамитов ММА бойынша тарихи турнирде ресейлік спортшыны жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал қазақстандық файтер Қуат Найман Хамитов Алматыда Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының турнирі аясында жекпе-жек өткізді

Оның қарсыласы ресейлік Залимхан Юсупов болды.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, соңында төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандыққа берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан