Елена Рыбакина Римдегі турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі турнирдің жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалдағы матчты әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен өткізді.

Бірінші сетте польшалық басым түсіп, 6:2 есебімен жеңді. Екінші сет тай-брейкке ұласып, қазақстандық теннисші мұны сәтті пайдаланып, есепті теңестірді. Осы кезде Ига Швентек медициналық үзіліс алды.

Үшінші, шешуші сетте есеп 2:2 болғанда, әлемнің бірінші ракеткасы жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. 

Енді Елена Рыбакина жартылай финалда латвиялық теннисші Елена Остапенкомен ойнайды. Ол әлемдік рейтингіде 20-орында тұр.

Еске салайық, биыл Римде өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры - 3 572 618 еуро. Жеңімпаз 521 754 еуроға және 1 000 ұпайға ие болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!