Чемпиондар лигасы! "Реалды" ойсырата ұтқан "Манчестер Сити" финалға шықты

Чемпиондар лигасы! "Реалды" ойсырата ұтқан "Манчестер Сити" финалға шықты
Фото: uefa.com

Футболдан биылғы Чемпиондар лигасының финалына шыққан екінші команда анықталды. "Манчестер Сити" қарымта ойында "Реалды" 4:0 есебімен ұтып, финалға шықты. 

Мадридте өткен бірінші ойында 1:1 есебі тіркелген. Манчестерде алаң иелері айқын басымдық танытып, жарқын жеңіске жетті. "Манчестер Сити" сапынан бірінші таймда Бернардо Сильва дубль жасаса, екінші таймда бір голды Эдер Милитао өз қақпасына соғып алды. Ал соңғы минутта алаңға шыққан Хулиан Альварес төртінші голды өз еншісіне жазды.

"Манчестер Сити" финалда "Интермен" кездеседі. Маусымның шешуші ойыны 10 маусым күні Ыстанбұлда өтеді.  

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай