Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасымен ойнайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Польша өкілі Ига Швентек Римдегі турнирдің 1/8 финалында хорватиялық теннисші Донна Векичпен кездесіп, оны 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңді. 

Енді ол турнирдің жартылай финалына өту үшін қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен ойнайды.

Матч ертең, 18 мамырға, Астана уақытымен 00:30-ға жоспарланған. 

Еске салайық, Қазақстанның бірінші ракеткасы Римдегі турнирдің 1/8 финалында чех теннисшісі Маркета Вондроушованы жеңіп, ширек финалға өткен еді.

Сонымен бірге Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде бесінші орынға көтерілгені белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!