"Интер" Чемпиондар лигасының финалына шықты

"Интер" Чемпиондар лигасының финалына шықты
Фото: Reuters

Футболдан Чемпиондар лигасының финалына шыққан алғашқы команда белгілі болды. Екі ойында да "Миланнан" басым түскен "Интер" финалға шықты. 

"Сан Сирода" өткен қарымта ойында да Симоне Индзаги шәкірттері жеңіске жетті. Ойында "Интерге" жеңіс сыйлаған голды 74 минутта Лаутаро Мартинес соқты. 

Екі ойын қорытындысы бойынша "Интер" "Миланды" 3:0 есебімен жарыс жолынан шығарды. Осылайша өз тарихында алтыншы рет финалда бақ сынайды. Соңғы рет 2010 жылы финалда ойнаған.

Финалға шыққан екінші команда бүгін түнде анықталады. "Манчестер Сити" өз алаңында "Реалмен" кездеседі. Екі команда арасындағы бірінші ойында 1:1 есебі тіркелген болатын. 

Биылғы Чемпиондар лигасының финалы 10 маусым күні Ыстанбұлда өтеді. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай