Парижден кейін кездесеміз ғой - Тоқаев бокстан Қазақстан құрамасына

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлерін қабылдау барысында спортшылардан не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Енді Парижден кейін тағы да кездесеміз ғой, амандық болса, Құдай қаласа", - деді Президент.

Сондай-ақ, спортшылардың бірі Президентке белдік сыйлағысы келген.

"Жоқ, белдік керек емес", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2024 жылғы жазда Франция астанасында жазғы Олимпиада өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Қазақстан бокс федерациясының басшылығына, спортшылар мен бапкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыс еткені хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!