"Лайық мақтау алмайтыны өкінішті". Ұлыбританиялық сарапшы Санжар Тәшкенбайға баға берді

"Лайық мақтау алмайтыны өкінішті". Ұлыбританиялық сарапшы Санжар Тәшкенбайға баға берді
Фото: Instagram/tashkenbay_sanzhar

Ташкентте өткен Әлем чемпионатында алтын алған Санжар Тәшкенбайға бокс шолушысы, ұлыбританиялық Тейлор О’Хиггинс үлкен баға берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"48 келіде 20 жастағы қазақстандық Санжар Тәшкенбай Ташкенттегі турнирде Еуропа чемпионы, грузиялық Сахил Алахвердовиді анық басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Тәшкенбай лайық мақтау алмайтыны өкінішті, әзірге ол жеңіл салмақта. Бұл жігіт - біртуар талант. Оның аяқпен жұмыс істей отырып, ұратын әдісі қазіргі таңда әуесқой бокстағы ең мықты соққы болуы мүмкін", - деді сарапшы. 

Айта кетейік, 19 жастағы Санжар Тәшкенбай - Азия чемпионы. Ал былтыр жастар арасында әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған.

Еске салайық, бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді. 48 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Санжар айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова