Санжар Тәшкенбай әнұран шырқаларда 200 мың долларды жерге тастай салған

Кеше, 13 мамырда бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында күтпеген оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Санжар Тәшкенбай әнұран басталарда қолын жүрек тұсына қою үшін 200 мың долларды жерге қоя салған. Желі қолданушылары боксшының осы әрекетін байқап, тәнті болған. 

"200 мың долларды жерге тастай салды ғой, жарайсың"

"Қолын кеудесіне қою үшін ақшаны жерге қоя салды, жарайсың, азамат екенсің Тәшкенбай!"

"Қаншама елдің алдында суырылып шығып, қазақтың әнұранын шырқатты, жарайсың бауырым", - дейді видеоны көрген Желі қолданушылары. 

@tukeshov_official #tukeshov_boxing #бокс #рек ♬ оригинальный звук - TUKESHOV ZHALGAS

Бокстан әлем чемпионатында тағы бір күтпеген жағдай болды. Марапаттау рәсімінде Қазақстан әнұраны қосылған болатын. Алайда әнұран ортасында өшіп қалған. Алайда қазақстандық жанкүйерлер оған қарамастан әнұранды соңына дейін орындап шыққан. 

Бұл видеоны көрген Желі қолданушылары қазақстандық жанкүйерлердің әрекетіне тәнті болған. 

"Қазақстан жанкүйерлеріне өте риза болдым"

"Көзге еріксіз жас келді", - дейді Желі қолданушылары 

Еске салайық, 13 мамырда Ташкентте өткен әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды. Отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Алохвердовиді жеңді.

48 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Санжар айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!