Бокстан әлем чемпионатының финалында қос қазақ жұдырықтасады

Бокстан әлем чемпионатының финалында қос қазақ жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалдық кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

80 келі салмақта Нұрбек Оралбай ресейлік боксшы Имам Хатаевпен кездесті. Жекпе-жек 4:1 есебімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Азия чемпионатының былтырғы қола жүлдегері, 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай финалға шығып, Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен жұдырықтасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан