Ұлттық құрама капитаны Асланбек финалға шықты

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы капитаны Асланбек Шымбергенов финалға шықты. Отандасымыз жартылай финалда үнді боксшысы Нишант Девті жеңді.

71 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Асланбек қарсыласын ұпай айырмасымен жеңіп шықты. 

Айта кетейік, осыған дейін Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан және Дулат Бекбауов финалға шыққан еді.