Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды. 48 килоға дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай финалға жолдама алды. 

Отандасымыз жартылай финалда Ресейден келген Эдмонд Худоянмен жұдырықтасты. Шаршы алаңда ширақ, қорғаныста сақ жұдырықтасқан Санжар қарсыласына мықтылығын мойындатты. 

Финалда Грузин елінің өкілі Сахил Алахвердовиге қарсы жұдырықтасады.

Санжар Тәшкенбай қазақ боксшылары арасынан бірінші болып финалға шықты. Алда төрт боксшымыз жартылай финалдағы жекпе-жектерін өткізеді.