Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 14 мамырда Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарсыласы - канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО). Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті тікелей эфирде Хабар телеарнасынан көре алады.

Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. 

Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова