Нокаут. Әбілхан Аманқұл Сауль Альварестің бокс кешінде мексикалық қарсыласын жеңді

Нокаут. Әбілхан Аманқұл Сауль Альварестің бокс кешінде мексикалық қарсыласын жеңді
Фото: ©Suleimen Promotions

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Сауль Альварестің бокс кешінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол Гвадалахарадағы (Халиско, Мексика) бокс кешінің аясында жекпе-жек өткізді. Аманқұлдың қарсыласы жергілікті боксшы Фабиан Риос Фраусто болды. Қазақстандық оны екінші раундта нокаутқа жіберді.

Бұл Аманқұлдың кәсіпқой бокс өнеріндегі және мерзімінен бұрын жеңген төртінші жеңісі болды. Ол әуесқой боксшы ретінде 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, сонымен қатар, 2020 жылғы Олимпиадаға қатысты.

Еске салайық, Гвадалахарадағы бокс кешінде орта салмақтағы чемпион мексикалық Сауль Канело Альварес (58-2-2, 39 КО) ұлыбританиялық қарсыласы Джон Райдерге (31-5, 17 КО) қарсы жекпе-жекке шықпақ.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

С. Бөлек