Эрлинг Холанд ағылшын премьер-лигасы рекордын жаңартты

Эрлинг Холанд ағылшын премьер-лигасы рекордын жаңартты

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд ағылшын премьер-лигасында абсолютті рекорд орнатты. Ол бір маусымда ең көп гол салған ойыншы атанды, сондай-ақ маусым соңына дейін бұл рекордын жаңарта түсері анық. 

28-турдың кейінге шегерілген ойынында Пеп Гвардиола командасы өз алаңында "Вест Хэмді" 3:0 есебімен ұтты. Кездесудегі екінші голды норвег шабуылшысы соқты. Нәтижесінде осы маусымда соққан голдар санын 35-ке жеткізіп, әйгілі Алан Ширер (1994/1995) мен Энди Коул (1993/1994) рекордын басып озды. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай