Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридтегі WTA турнирінде жекелей сындағы алғашқы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина ресейлік теннисші Анна Калинскаямен ойнады. Матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Калинская Рыбакинаны 7:5, 4:6, 6:2 есебімен ұтып, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева Мадридтегі турнирде франциялық теннисшіден жеңілген еді.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!