Әлем чемпионатында жүлде алған қазақ боксшылары қанша сыйақы иеленеді?

Әлем чемпионатында жүлде алған қазақ боксшылары қанша сыйақы иеленеді?
Фото: Жеңіс Ысқабай

1 мамыр күні Ташкентте бокстан әлем чемпионаты басталады. Кіл мықтылар бақ сынайтын жарыста жүлде алған боксшыларға Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) арнайы сыйақы тағайындаған. Ал жүлдегерлер тұғырына шыққан қазақ боксшылары бұдан бөлек федерация президенті Кеңес Рақышевтың қосымша сыйына да ие болады. 

IBA әлем чемпионы атанған боксшыға 200 мың доллар, күміске – 100 мың, ал қолаға 50 мың доллар сыйақы белгілеген. Жарыстың жалпы жүлде қоры 5,2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионаты алдында Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын ұлттық құрамаға сәттілік тілеп, қосымша сыйақы тағайындайтынын тілге тиек етті.

Демеу болса, ұлттық құраманың боксшылары аянып қалмасы анық. Бірлік бар жерде - тірлік бар. Барлығымыз бір жұдырық болып жұмылсақ, алынбайтын қамал жоқ. Әлемдік аренада тағы бір мәрте үздік атану үшін қауқарымыз жетеді. Жігіттермізді ынталандыру мақсатында, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дәстүрлі түрде өз қаражатымның есебінен қосымша сыйақымен марапаттаймын. Чемпиондарға 100 мың АҚШ доллары қарастырылған, - деді федерация президенті.

Әлем чемпионатында 13 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Ұйымдастырушылар жарысқа 104 елден 600-ден аса былғары қолғап шебері қатысады деп жоспарлауда. Бұған дейін Ташкентке баратын қазақ боксшыларының тізімі жарияланған болатын.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай