Елімізде ұлттық құрамалар жаңа ереже бойынша жасақталады

Елімізде ұлттық құрамалар жаңа ереже бойынша жасақталады
Фото: ©olympic.kz. Жеңіс Ысқабай

Елімізде ұлттық құрама командаларды жасақтау қағидаты өзгерді. Бұған дейін тек чемпиондар мен жүлдегерлерден ғана жасақталған болса, енді құрамаға жылдың басты республикалық және халықаралық жарыстарында 1-ден 8-ге дейін орын алған спортшылар қабылданады. 

Жаңа жасақтау қағидатын енгізу үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді.

Аталған өзгеріс бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарысы, таеквондо WTF спорт түрлеріне қатысты.

Біз дарынды спортшылар үшін ұлттық құрама қатарына қосылу мүмкіндігін ұлғайтуымыз керек деп санаймыз. Әсіресе, болашағынан зор үміт күтетін, тәжірибелі, дарынды, жас спортшылар үшін, оның ішінде ауыл спортшылары үшін бұл да өзін-өзі дәлелдеуге жақсы мүмкіндік. Бұл өзгерістер пайдалы болады және дұрыс бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз, – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Спорттық ойын түрлеріне де осы тәртіп қолданылады, бірақ негізгі және қосалқы командаларға жылдың басты республикалық және халықаралық турнирлерінде 1-ден 10-орынға дейін иеленген спортшылар шақырылады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай