"Барселона" Мессиге қандай ұсыныс жасағаны белгілі болды

"Барселона" Мессиге қандай ұсыныс жасағаны белгілі болды
Фото: instagram.com/leomessi/

Испаниялық "Барселона" аргентиналық футболшы Лионель Мессиге жылына 25 миллион еуро көлемінде еңбекақы ұсынуға дайын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sport.es-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, каталондық клуб франциялық ПСЖ сапында жүрген шабуылшыға ары қарай ұзартуға болатын бір жылдық келісімшарт ұсынбақшы. Алайда бұл еңбекақы Месси қазір париждік клубта алатын айлықтан төрт есе төмен. 

ПСЖ мен аргентиналық форвард арасындағы келісімшарт биыл маусымда аяқталады. Осыдан кейін ол еркін агент атанады. "Барселонадан" бөлек Леоны саудиялық "Әл-Хиәләл" клубы да сапына қосқысы келеді, ал арабтар жылына 400 миллион еуро төлеуге дайын.

Еске салайық, ПСЖ-мен келісімшарты аяқталғанда Месси 36 жаста болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек