Хосеп Гвардиола Чемпиондар лигасы рекордын жаңартты

Хосеп Гвардиола Чемпиондар лигасы рекордын жаңартты

"Манчестер Сити" командасының бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола Чемпиондар лигасы жартылай финалына 10 рет шыққан алғашқы спорт маманы атанды. Оның 6-да финалға өте алмаған. 

Қазіргі "Реал Мадрид" командасының жаттықтырушысы Карло Анчелотти де жартылай финалға ең көп қатысқан жаттықтырушылар қатарында. Ол 9 рет командасын осы кезеңге алып шыққан. 4 рет чемпион болған. 

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасы жартылай финалына үшінші маусым қатарынан шығып отыр. Ағылшындық клубтар арасында мұндай жетістік жолын "Челси" мен "Манчестер Юнайтед" қана жүріп өткен. 

Айта кетейік, түнде өткен қарымта ойында "Манчестер Сити" Мюнхенде "Бавариямен" 1:1 есебімен тең ойнады. Бірінші ойында 3:0 есебімен ойсырата ұтқан. Ал ширек финалдағы екінші ойында екі ойын қорытындысы бойынша "Интер" жартылай финалға шықты. 

Жартылай финалда "Манчестер Сити" "Реал Мадридпен", "Интер" "Миланмен" кездеседі. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай