Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рыбакина алғашқы ойында германиялық теннисші Юле Нимайермен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші енді келесі кездесуін ертең бразилияық Беатрис Аддад Майямен өткізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!