"Реал" мен "Милан" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

"Реал" мен "Милан" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
Фото: turkey.postsen.com

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан екі команда белгілі болды. Оның бірі – "Реал Мадрид" (Испания), екіншісі – "Милан" (Италия).

"Корольдік клуб" бірінші ойында 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Түнде Лондонда өткен қарымта кездесуде де 2:0 есебімен басым түсті. Ойындағы екі голды да Родриго (58 және 80-минутта) өз еншісіне жазды.

Жартылай финалда "Реал Мадрид" "Бавария" (Германия) – "Манчестер Сити" (Англия) командалары арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі. Бірінші ойында ағылшындық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен.

"Реал" мен "Челси" өткен жылы да Чемпиондар лигасының ширек финалында кездескен болатын. Ол кезде де испандық клуб екі ойын қорытындысы бойынша (3:1, 2:3 қосымша уақытта) жартылай финалға өткен еді.

"Милан" 2007 жылдан бері алғаш рет жартылай финалда бақ сынайды

Неапольда өткен "Наполи" мен "Милан" арасындағы екінші ойында 1:1 есебі тіркелді. Қонақтар сапынан Оливье Жиру (43 мин) гол соқса, алаң иелері ойын соңында Виктор Осимхен (90+3) соққан голдан кейін таразы басын теңестірді. Екі команда сапынан да пенальти соғылмаған ойыншылар болды. "Милан" сапынан Жиру мүлт кетсе, "Наполи" қатарынан Хвича Кварацхелия гол соға алмады.

"Милан" 2006/07 маусымнан бері алғаш рет жартылай финалға шығып отыр. Сол маусымда команда жарыс жеңімпазы атанған еді.

Италиялық команда жартылай финалда "Бенфика" (Португалия) мен "Интер" (Италия) командаларының ұтқанымен кездеседі.

Жартылай финалға шыққан қалған екі команда бүгін түнде анықталады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай