Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Дархан Есенғали Астанада Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз финалда жапониялық Кирин Киношитаны ұпай санымен ұтты.

Дархан күндіз 1/8-де сингапурлық Хонг Луды, ширек финалда қырғызстандық Әділет Жапарқұловты сенімді ұтып, келесі кезеңге жолдама алған. Ал жартылай финалда Бахрейн атынан сынға түсетін Магамедрасул Аслуевты ұпай санымен жеңді.

Бұл - қазақстандық еркін күрес шеберлерінің осы чемпионаттағы 3-алтыны.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спортты дамыту дирекциясы (@drs_kz)

Айта кетейік, Дархан биыл ақпанда Алматыдағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында топ жарды. Төрт жылда бір өтетін бұл сында ол осы салмақтағы көшбасшы Нұрқожа Қайпановты, ал финалда Нұрлан Бекжановты ұтқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан