Ернін жыртқан. Мане мен Сане арасындағы төбелестің мән-жайы белгілі болды

"Бавария" шабуылшылары Садио Мане мен Лерой Сане арасындағы Чемпиондар лигасының аясында "Манчестер Ситиге" қарсы ойыннан кейін болған төбелестің неден басталғаны белгілі болды. Бұл туралы "Чемпионат" жазды.

Бұған дейін Мане ағылшын құрамасынан 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін командаласын ұрып, ернін жыртқан болатын. Ойыншылардың алаңда жанжалдасып, кейін әңгімені киім ауыстыратын бөлмеде  жалғастырғаны белгілі болды.

Журналист Папа Махмуд Гульдің айтуынша, Сане сенегалдықты "қара нәжіс" деп атаған. Сонымен бірге неміс футболшысы жанжалдан кейін айтқан сөздеріне өкінген.

Нәтижесінде "Бавария" басшылығы Садио Манені Германия чемпионатындағы "Хоффенхаймға" қарсы матчқа дайындалу үшін құрамнан шығарды. Сондай-ақ ойыншыға айыппұл салынады.

Бұған дейін БАҚ  "Баварияның" мінез-құлқына байланысты сенегалдықпен келісімшартты бұзуы мүмкін екенін жазған, бірақ содан кейін ойыншылар жанжалды реттеп, Мане клубта қалатыны туралы ақпарат тараған болатын.

Айта кетейік, Мане "Бавария" сапында 2022 жылдан бері ойнайды. Шабуылшының клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған. Шабуылшы осы маусымда барлық турнирлерде 32 ойынға қатысып, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!