Финалда өзбек балуандарын жеңген Санжар Досжанов пен Болат Сақаев Азия чемпионы атанды

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржыны 2 алтын медальмен толықты. Еркін күрестен қазақ балуандары Санжар Досжанов пен Болат Сақаев Азия чемпионы атанды. 

70 килоға дейінгі салмақта Санжар Досжанов финалда өзбек балуаны Зафарбек Отахоновтан айласын асырды. Ал екінші алтынды 79 килоға дейінгі салмақта Болат Сақаев еншіледі. Ол да финалда өзбек балуаны Бекзод Абдурахмоновты 7:4 есебімен ұтты. 

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов, қыздар арасында Эльмира Сыздықова мен Жәмила Бақбергенова Азия чемпионы атанған еді.