Жеке өмірі, Челси ойыншысымен қарым-қатынасы. Рыбакина эксклюзив сұхбат берді

Жеке өмірі, Челси ойыншысымен қарым-қатынасы. Рыбакина эксклюзив сұхбат берді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Vesti.kz YouTube-арнасына эксклюзив сұхбат берді. Әлемнің жетінші ракеткасы Польша құрамасымен өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчтары, биылға арналған мақсаттары және жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Ұлттық құраманың алдағы матчтарынан қандай үміт күтетінін мәлімдеді.

"Әрине, міндет - жеңу. Менің ойымша, командамыз мықты, сондықтан бар күшімізді салып, тырысамыз. Команданың атмосферасы жақсы. Жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жетеміз деп үміттенемін", - деді спортшы.

Сондай-ақ, спортшы биылғы жетістіктері, алдағы жоспарлары туралы бөлісті.

"Кейінгі жылы болғанның бәрі - бүкіл команданың орасан зор жұмысы, ал мен үшін үлкен тәжірибе. Болашақта осы биікті ұстап тұруға, әрине, ойынымды жақсартып, барлық жағынан алға жылжуға тырысамын. Тағы бір "Үлкен шлем" турнирінде жеңіске жетемін деп үміттенемін. Сол бағытта жұмыс істеймін", - деді ол.

Спортшының былтырғы "Уимблдон" чемпионы WTA турындағы басты қарсыластары, жеке өмірі және "Челси" футболшысымен қарым-қатынасы туралы айтқанын мына жерден көре аласыздар.

Айта кетейік, Билли Джин Кинг кубогының Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы алғашқы матчі 14 сәуірде өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова