Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді

Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Билли Джин Кинг кубогі (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің аясында астанада 14-15 сәуірде Польшамен өтетін матчқа қатысады.

 

Елена Рыбакина Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында топырақ төсенішіндегі кортта алдағы бәсекеге дайындықты бастады.

Ертең, 13 сәуірде Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылады. 14 сәуірде жекелей сында екі ойын өтсе, 15-інде екі жекелей, бір жұптық кездесу жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан