"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасында ағылшын клубтары рекордын орнатты

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасында ағылшын клубтары рекордын орнатты
Фото: ©twitter.com/ManCity

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы бірінші ойында "Манчестер Сити" Мюнхеннің "Бавария" клубын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша, өз алаңындағы жеңіліссіз ойындар санын 25-ке жеткізді.

Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда "Сити оф Манчестер" стадионында 25 ойын қатарынан Чемпиондар лигасында жеңіліп көрген жоқ. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл осы жарыстағы ағылшындық клубтар арасындағы рекорд.

Түнде өткен ширек финалдағы "Бавария" қарсы ойында бұл рекордтарын жаңарта түсті. Ойында Родри, Бернарду Силва мен Эрлинг Холанд гол соғып, командасына жарқын жеңіс сыйлады. Екі команда арасындағы қарымта ойын 19 сәуір күні өтеді.

Ширек финалдағы екінші ойында "Интер" Лиссабонда "Бенфиканы" 2:0 есебімен ұтты. Ал бүгін түнде футбол жанкүйерлері "Реал" – "Челси" және "Милан" – "Наполи" ойындарын тамашалайтын болады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай