Күтпеген таңдау: Роналду мансабындағы ең үздік бапкерді атады

Күтпеген таңдау: Роналду мансабындағы ең үздік бапкерді атады

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду мансабындағы үздік бапкерді атады, - деп хабарлайды Tengri Sport Mirror басылымына сілтеме жасап.

Өзінің мансабында шабуылшы көптеген атақты менеджердің қол астында ойнады. Олардың ішінде Алекс Фергюсон, Жозе Моуриньо, Карло Анчелотти және Зинедин Зидан бар.

Сонымен бірге Криштиану Роналду Фергюсонның оған әкесі сияқты болғанын бірнеше рет айтты. Ал "Манчестер Юнайтедтегі" ойынында ол 292 кездесуде 118 гол соғып, 63 нәтижелі пас берді.

Бір таңғаларлығы, Роналдудан ең үздік бапкерді атауды сұрағанда шотландиялықты атамаған.

"Мен Жозе Моуриньоны бірінші орынға қояр едім, бұрын да айттым. Мен көптеген керемет бапкерлермен жұмыс істедім, бірақ Жозе Моуриньо ең ұлы аналитик, ол бәрін ұсақ-түйекке дейін талдайды", - деді португал ойыншысы.

Моуриньо да Криштиануны ең үздіктердің бірі деп атаған.

"Роналду - керемет ойыншы. Француздар үшін Зинедин Зидан қайталанбайтыны сияқты, оған ұқсайтын ешкім жоқ. Ол керемет ойыншы, гол соғатын машина. Оны жаттықтыру менің мансабымдағы ең маңызды кезең болды. Ол ең кәсіби ойыншы. Мен бұрын-соңды мұндай спортшыны кездестірмегенмін. Бапкер мен ойыншы арасында белгілі бір уақытта келіспеушілік туындауы мүмкін, бірақ бәрі сонымен аяқталады", - деді Моуриньо.

Айта кетейік, бұған дейін Роналду Мадрид көшелерінде 10 миллион доллар тұратын көлігін көрсеткен болатын.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Т. Раушанұлы