Елжана Тәниева көркем гимнастикадан Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Елжана Тәниева көркем гимнастикадан Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі аяқталды, қазақстандық Елжана Тәниева күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық гимнаст тапспамен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған бағдарламада 30,900 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

Бұл бәсекеде өзбекстандық Тахмина Икромова жеңіске жетсе, қоланы Бразиялия өкілі Барбара Домингос иеленді.

Сонымен бірге Тәниева ұршық жаттығудан 5-орын, ал доппен жаттығуда алтылыққа енді.

Айта кетейік, Болгариядағы Әлем кубогы кезеңіне 28 елден 50-ге жуық гимнастар қатысып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан