Көркем гимнастикадан әлем кубогы: Елжана Тәниева финалда өнер көрсетеді

Көркем гимнастикадан әлем кубогы: Елжана Тәниева финалда өнер көрсетеді
Фото: Қазақстан гимнастика федерациясы

Бүгін Болгарияның София қаласында әлем кубогінің іріктеу кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан гимнастика федерациясына сілтеме жасап.

Елжана Тәниева доп жаттығуы (32.750), ұршық (31.200) және таспа жаттығуының (29.600) финалына жолдама алды.

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық спортшы Милана Парфилова финалға өте алмады.

Айта кетейік, чемпионатта әлемнің 28 мемлекеттінен 50-ге жуық спортшы өнер көрсетіп жатыр.

Алдын ала қорытынды бойынша Эльжана әзірше 5-орында. Финалдық сайыстар ертең басталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан