Тарихи медаль: қазақстандық гимнаст жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Тарихи медаль: қазақстандық гимнаст жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстандық гимнаст алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан гимнастика федерациясына сілтеме жасап.

29 наурыз - 2 сәуір аралығында Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшы Зейнолла Ыдырысов ат снарядында 14.066 ұпаймен армениялық спортшыларға есе жіберіп, қола жүлде иегері атанды:

  1. Гамлет Манукян, Армения 14,633;
  2. Мамикон Хачатурян, Армения, 14 100;
  3. Зейнолла Ыдырысов, Қазақстан, 14 066.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спортты дамыту дирекциясы (@drs_kz)

 Айта кетейік, бұл - Қазақстанның гимнастика тарихындағы жасөспірімдер арасында алғашқы медалі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан