Сенсация! Қазақстан футболдан Дания құрамасын жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчінде Данияны жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 наурызда "Астана-Аренада" өткен ойында отандастарымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша топтағы екінші ойында 3 ұпайға қол жеткізді. 

Алғашқы таймда қазақстандық команда екі доп өткізіп алды. Екінші таймда 3 гол соғып, тарихи камбэк жасады. Құрама сапында Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген және Абат Айымбетов гол соқты. 

Айта кетейік, іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен Словенияға жол берген еді. Келесі ойынын маусым айында сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!