Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогінде алты медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогінде алты медаль жеңіп алды
Фото: fdk.kz

Дзюдодан Хорватия елінің астанасы Загребте ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы аяқталды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) жарыс жеңімпаздары атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг), Еділ Ерболұлы (60 кг) мен Досбол Балғабай (81 кг) Қазақстан қоржынына үш қола жүлде салды.

Айта кетейік, аталған жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы болып саналады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай