"Лайық бағасын алмады". Майк Тайсон кіммен жекпе-жекке шығуға қорқатынын айтты

"Лайық бағасын алмады". Майк Тайсон кіммен жекпе-жекке шығуға қорқатынын айтты
Фото: instagram.com/miketyson

Боксшы Майк Тайсон қазіргі ең мықты боксшы ретінде кімді танитынын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол - америкалық боксшы Давид Бенавидес, суперорта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы 26 жеңістің жиырма үшін нокаутпен аяқтаған. 

"Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі лайық бағасын алмады. Адамдар ол туралы айтқанда сөздерін бір жерден шығара алмай жатады. Мен оның дивизионында өнер көрсетсем, оған қарсы жекпе-жекке шығуға қорқар едім. Оның салмағында оны жеңетіндер жоқ. Мен деректерге сүйеніп отырмын", - деді ол.

Бенавидес Тайсонға өзінің өткенін есіне түсіретін сияқты. 

"Оның еңбектенуі... Бала кезінде кішкентай домалақ еді ғой. Бірақ қолынан не келетінін бүкіл әлемге көрсеткісі келді. Маған сеніңіз, ұлы боксшылардың бәрі сондай болған - қорғансыз және өзіне сенімі жоқ", - дейді боксшы.

Тайсон Бенавидес пен Сауль Альварес жекпе-жекке шықса кім жеңетіні туралы да ойын айтты.

"Давид рингте кімді болсын сабайды. Сондықтан нақты біреулерді атаудың да қажеті жоқ", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова