"Странджа – 2023". Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалға шыға алмады

80 кило салмақта жұдырықтасқан қазақ боксшысы Бекзат Нұрдәулетов Болгариядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Ол ширек финалда өзбек боксшысы Жасурбек Юлдашевке жол берді. 

Шаршы алаңдағы шайқаста өзбек боксшысы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Бекзат Нұрдәулетов "кіші әлем чемпионаты" саналатын "Странджа" турнирінде жүлделі орынға іліге алмады. 

Айта кетейік, осыған дейін Оразбек Асылқұлов (-57 кило) пен Нұрқанат Райыс (-75 кило) өзбек боксшыларын жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.