"Странджа – 2023". Нұрқанат Райыс нокдаун алса да жеңісті уысында ұстап қалды

"Странджа – 2023". Нұрқанат Райыс нокдаун алса да жеңісті уысында ұстап қалды

Қазақ боксшысы Нұрқанат Райыс "Странджа – 2023" халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда өзбек боксшысы Алохон Абдуллаевтан айласын асырды. 

Нұрқанат жекпе-жекті ширақ бастады. Қарсыласын екі раунд бойы айқын басымдықпен ұтып шықты. Шабуылда ашық шайқасқан қазақ боксшысы үшінші раундта қорғанысты бір сәт ұмытты да. Осыны ұтымды пайдаланған Алохон екі рет Нұрқанатты есеңгіретіп алды. Төреші екеуінде де нокдаун ашты. Бапкерлердің кеңесін тыңдаған Нұрқанат жылдам ес жиып, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Қорытындысында 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, осыған дейін Оразбек Асылқұлов өзбек боксшысы Әбдімәлік Халоковты жеңіп жартылай финалға шыққан болатын. Алда Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға шығады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай