Бекзат Нұрдәулетов "кіші әлем чемпионатын" жарқын жеңіспен бастады

Болгария елінің астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турниріндегі жекпе-жектер жалғасуда. Ұлттық құрамаға оралған отандасымыз Бекзат Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жегінде айқын жеңіске жетті.

80 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзат 1/8 финалда сербиялық Артем Агеевтен айласын асырды. Төрешілердің барлығы отандасымызды 5:0 есебімен жеңімпаз деп таныды.

Бекзат Нұрдәулетов бұған дейін кәсіпқой бокста бақ сынап келген. Екеуін қатар алып жүр. Әуесқой бокста 2019 жылы әлем чемпионы атағына қол жеткізген.

"Кіші әлем чемпионаты" саналатын "Странджа" турнирінің күндізгі сессиясында шаршы алаңға шыққан 4 боксшымыздың 2-і жарысты жалғастырады. Бірі Бекзат болса, екіншісі – Оразбек Асылқұлов. 57 килоға дейінгі салмақта Оразбек жарыстың басты сенсациясын жасап, бразилиялық Луис Оливейраға мықтылығын мойындатты. Ал Кенже Мұратұлы мен Абзал Құттыбеков жарыс жолынан шығып қалды.

Кешкі сессияда 4 боксшымыз жекпе-жек өткізеді. Оның 3-і өзбек боксшыларымен жұдырықтасады.

Кешкі сессия:

48 кило. Ернұр Қайрат - Лука Кублашвили (Грузия)
67 кило. Темірхан Тезек - Бехзод Хамидов (Өзбекстан)
86 кило. Бекзат Таңатар - Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан)
+92 кило. Қамшыбек Қоңқабаев - Баходир Джалолов (Өзбекстан)

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!