Бензема Мессидің рекордын қайталады

Бензема Мессидің рекордын қайталады
Фото: championat.com

"Реал Мадрид" шабуылшысы Кәрім Бензема "Пари Сен-Жермен" құрамасындағы Лионель Мессидің рекордын қайталады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бензема Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында "Ливерпульмен" (5:2) матчте дубль жасады. Осылайша, форвард турнирде 18 маусым қатарынан гол соқты. Бұған дейін оған Месси ғана қол жеткізген еді.

Бензема үшін бұл голдар Чемпиондар Лигасының осы маусымында бірінші болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова