Америкалық боксшы Жәнібекпен неге жұдырықтасқысы келмейді?

Америкалық боксшы Жәнібекпен неге жұдырықтасқысы келмейді?
Фото: ©Boxingscene.com

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Чарльз Конуэль (18-0, 13 KO) отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен неге жекпе-жекке шыққысы келмейтіні жайлы түсіндірді, - деп жазады Vesti.kz.

Мен болашақта орта салмақтың чемпиондық атағына таласқым келеді, бірақ бірінші орта салмақта әлі де аяқталмаған ісім бар. Қазір осы салмақта чемпиондық атаққа жақындап қалдым, ол мақсатымды орындап чемпион атанғым келеді, - деп мәлімдеді дейді ESPN инсайдері Майк Коппинджер.

Айта кетейік, осыған дейін Майк Коппинджер мамыр айында Чарльз Конуэль мен Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасуы мүмкін деп болжаған еді.

Бұған дейін америкалық боксшы қазақ боксшысы Мадияр Әшкеевпен жұдырықтасқан. 10-раундта отандасымыздан айласын асырып кеткен-ді.

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда өз салмағында WBO чемпионы атағына ие.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова