"Сенсация жасаған". Әлімханұлының келесі қарсыласы кім екені белгілі болды

"Сенсация жасаған". Әлімханұлының келесі қарсыласы кім екені белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлеуметтік желіде ұлыбританиялық Лиам Смитті орта рейтингте бірінші нөмірге шығаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай шешім Смиттің WBO чемпионына міндетті қарсылас болатынын білдіреді. Ал орта дивизиондағы бұл титул Жәнібек Әлімханұлында. 

Қаңтарда Смит отандасы Крис Юбенкті нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған болатын. Юбенк келісімшартта көрсетілгендей қарымтаны талап ете бастады, ал бұл Жәнібек пен Лиам жекпе-жегіне бөгет болып тұр. 

Айта кетейік, Лиам Смит 2015-2016 жылдары бірінші орта салмақта WBO чемпионы болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова