Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

BoxRec мәліметінше, Тұраровтың келесі кәсіби жекпе-жегі 18 наурызда емес, 21 наурызда Алматыда өтеді.

Оның қарсыласы - мексикалық Алехандро Менесес (16-5, 9 КО), ол IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулды қорғайды. Жекпе-жек 12 раундтан тұрады.

Еске салайық, Тұраров желтоқсанда Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде венесуэлалық Луис Энрике Ромеро (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта аяқтап, бос қалған IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алған болатын.

Менесес кейінгі рет былтыр сәуірде Ливерпульде ұлыбританиялық Сэм Максвеллді (16-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBO белбеуін жеңіп алған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек