Түркиядағы қонақүйде орыс және украин футболшылары төбелесіп қалды  

Түркиядағы қонақүйде орыс және украин футболшылары төбелесіп қалды   

Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын Түркияның Анталья қаласында өткізіп жатқан Ресейдің "Шинник" және Украинаның "Минай" клубтарының ойыншылары қонақүйде жаға жыртысқан. Бұл туралы Telegram-дағы "База" арнасы алғашқылардың бірі болып хабарлады.

13 ақпан күні кешкісін украин футболшылары ресейлік ойыншылардан Украина әнұранын айтуды талап еткен, ал орыстар мәселені "көшеде шешуді" ұсынған. "База" арнасы кейіннен украиндер орыстарға "Ресей режиміне қарсы не үшін наразылыққа шықпайсыңдар" деп сұрағаннан кейін дау-жанжал туындады деп жазды.

Дау-жанжалдың неден туындағанын екі клуб өкілдері екі түрлі түсіндіреді. Ақпараттарға сенсек, алғашқы кикілжіңнен кейін ресейлік клубтың бір ойыншысы лифтіге украиналық команда футболшыларымен бірге кіргеннен ұрыс басталған. Лифт ашылған кезде төбелеске "Шинник" командасындағылар қосылған. Нәтижесінде екі команданы полиция қызметкерлері мен қонақүй мамандары ажыратқан.

Украиналық кей басылымдардың жазуынша, кикілжің қонақүй қызметкеріне дөрекілік көрсеткен ресейлік футболшыға украин спортшылары ескерту жасағаннан кейін туындаған. "Минай" клубы да осы нұсқаны ұсынып, ресми мәлімдеме жасады.

Қазіргі таңда екі команда да өзге қонақүйге алмасқан.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова