"Канело" Биволмен жекпе-жекке қатысты батыл мәлімдеме жасады

"Канело" Биволмен жекпе-жекке қатысты батыл мәлімдеме жасады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес жеңілмеген ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы қарымта жекпе-жек туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Sport 24 сайтына сілтеме жасап.

Былтыр мамыр айында Бивол төрешілер шешімімен Альваресті жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBA белбеуін қорғап қалған болатын. 

"Қарымтада Биволды сабайтынымды анық білемін", - деді "Канело" Boxing Scene басылымына сұхбатында. 

Сауль Альварес кәсіпқой бокста 62 жекпе-жек өткізіп, оның елу сегізінде жеңіске жеткен. Бивол 21 айқасының барлығында жеңімпаз атанды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина