"Алтын доп" сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды

"Алтын доп" сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды
Фото: instagram.com/leomessi

Goal басылымы "Алтын допқа" үміткер футболшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бірінші орында қалды. Үздік үштік өзгеріссіз. Екінші орында "ПСЖ" командасының спортшысы Килиан Мбаппе, үшінші орында "Манчестер Сити" ойыншысы Эрлинг Холанд.

Айта кетейік, "Барселонаның" ойыншысы Роберт Левандовски ПСЖ-ның тағы бір өкілі Неймарды төртінші орыннан шегерді.

Сондай-ақ, тізімге алғаш рет Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед") және Виктор Осимхен ("Наполи") енді.

"Алтын допқа" үміткерлер:

1. Лионель Месси ("ПСЖ")

2. Килиан Мбаппе ("ПСЖ")

3. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити")

4. Роберт Левандовски ("Барселона")

5. Неймар ("ПСЖ")

6. Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед")

7. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид")

8. Хвича Кварацхелия ("Наполи")

9. Виктор Осимхен ("Наполи")

10. Джамал Мусиала ("Бавария")

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек