Роналду бір ойында 4 гол соғып жанкүйерлерін қуантты

Роналду бір ойында 4 гол соғып жанкүйерлерін қуантты
Фото: ФК "Әл-Наср"

Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының 16-турында "Әл-Наср" сырт алаңда "Әл-Вахда" командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы 4 голды да Криштиану Роналду соғып, покер авторы атанды. 

Португалдық ойыншы команда сапында негізгі құрамда алаңға шығып, капитандық қызмет атқарды. Алғашқы голын 21-минутта өз атына жазды. Сондай-ақ бұл оның ұлттық чемпионаттардағы 500-голы болды. Екінші голды 40-минутта соғып, дубль жасады. 

53-минутта пенальтиді сәтті орындап, ойында командасына айқын басымдық алып келді. Араға 8 минут сала алаң иелері қақпасына төртінші рет доп тоғытып, покер авторы атанды. 

Айта кетейік, Роналду араб клубы сапына 2022 жылдың желтоқсан айында ауысып келді. Ойыншының жылдық жалақысы 200 миллион еуроны құрайды.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова