Қазақстандық жас футболшылар "Даму кубогының" финалына шықты

Қазақстандық жас футболшылар "Даму кубогының" финалына шықты
Фото: kff.kz

Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнирде 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңнің шешуші ойынында жарыс иелері Беларусь футболшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды ҚФФ.

Кездесуде соғылған жеңіс голының авторы – Ілияс Әбіл. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы турнирдегі екінші голын соқты.

Александр Кузнецов шәкірттері үш ойын қатарынан жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын алды. Топтық кезеңде барлық кездесуде жеңіске жетіп, қақпасына гол өткізбеген турнирдегі жалғыз команда екенін айта кеткен жөн. 

Біздің жасөспірімдер бірінші орынға Ресей U-17 құрамасымен таласады. Финал Астана уақытымен 11 ақпан күні 20:00-де басталады. 

Беларусь U-17 – Қазақстан U-17 – 0:1 (0:0)

Гол соққан: Әбіл 46

Н. Үсенова