Головкин әлем чемпионы атағынан бас тартты - дереккөз

Головкин әлем чемпионы атағынан бас тартты - дереккөз

Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF нұсқасы бойынша чемпион атағынан бас тартты. Бұл туралы бразилиялық журналист кіші Уилсон Балдини айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG IBF атағынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?", - деп жазды Уилсон әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) IBF (Халықаралық бокс федерациясы) бойынша қазақстандықтың атағына үміткер болған. Бұл ретте IBF тарапынан әлі ресми мәлімдеме жасалмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова