Роналду "Аль-Наср" сапындағы алғашқы ресми голын соқты

Роналду "Аль-Наср" сапындағы алғашқы ресми голын соқты
Фото: Reuters

Танымал футболшы Криштиану Роналду "Аль-Наср" клубы сапындағы алғашқы голын соқты. Ойынның соңғы минутында пенальтиді сәтті орындап, командасын жеңілістен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Аль-Наср" ойынның соңғы минуттарында 2:1 есебімен ұтылып тұрған. Қосымша уақытта қарсылас қақпасына пенальти белгіленіп, португалдық шабуылшы 11 метрлік айып соққысынан мүлт кеткен жоқ. 

Сауд лигасында алғашқы голды соққаным үшін бақыттымын, команда ерік-жігерінің арқасында маңызды ойында маңызды ұпай еншіледік, - деп жазды Роналду "Твиттер" желісінде. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина